Елорда тынысыМәслихат

Мәслихат депутаттары мектептерді аралады

Мектептегі оқушылар қауіпсіздігі, цифрландыру, өрт сөндіру қағидаларының орындалуы, асханадағы тамақтың сапасы және бөлінген қаржының тиімді игерілуі, осы сұрақтар 11 ақпанда өтетін Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының қаралады. Осыған орай Астана қалалық мәслихатының депутаттары мектептерді аралады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Бүгін түс ауа бір топ депутат туындаған сұрақтары бар мектептерге барып, жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздедік. Тізімде №119, 116, Мирас және №83 мектептер болды. Жалпы, мектепке кіргенде бет пішінімен кіргізетін арнаулы құрылғылар орнатылған. Осы үрдіс асханада да жалғасын тапқан. Біршама проблемалар бар, себептері айқын, шешу жолдары белгілі. Ертең білім беру мекемелін қарауды жалғастырамыз. Балаларымыз үшін қауіпсіз әрі шынайы жайлы білім беру ортасын қалыптастыру — біздің басты басымдығымыз, — дейді мәслихат депутаты Кендебай Адамбек.
Аралау барысында депутаттар балалардың қауіпсіздігіне, мектептегі тамақтану сапасына, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар ұжымның жетістіктерін, оқу процесін ұйымдастырудағы оң өзгерістерді талқылап, қосымша назар мен шешімді қажет ететін мәселелерді белгіледі. Барлық айтылған ұсыныстар мен ескертулер бойынша жұмыс жүргізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button