
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі мәнін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға Сенат депутаттарымен бірге сарапшылар қауымдастығының, ғылыми және талдау орталықтарының, салалық институттардың өкілдері, сондай-ақ, Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Taldau Community мүшелері қатысты.
Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар саяси жүйені терең жаңғыртуға бағытталғанын және жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына сай әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ құжат заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың құқықтарын қорғауға, орнықты даму мен экологиялық жауапкершілікке негізделгенін жеткізді.
Іс-шарада Жақып Асанов, Ольга Перепечина, Нұрлан Бекназаров, Мәдина Нұрғалиева, Жұлдызай Ысқақова, Елдос Абақанов және Мәдина Тыныбаева жаңа Ата Заң жобасына қатысты пікір білдірді.



