Ел тынысыСаясат

Қоғамда әділдік пен жауапкершілікті күшейтуге бағытталған

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің жаңартылған Конституция жобасы ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам және қоғамда әділдік пен жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
         -Конституциялық реформалар азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайтып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті арттыруды көздейді. Сонымен қатар, жергілікті басқарудың рөлін күшейтіп, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл бастама біз үшін аса маңызды. Себебі ол мемлекеттің дамуын заман талабына сай жаңғыртып, халық пен билік арасындағы сенімді арттыруға жол ашады. Әділетті, ашық әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастыру баршамыздың ортақ мақсатымыз, — дейді аудан әкімі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button