Ел тынысыСаясат

ТЖ министрлігінде жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

 Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаевтың төрағалығымен жеке құрамға Қазақстан Республикасының Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен Ата заңды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл өзгерістер еліміздің алдағы жылдарға арналған даму жолын айқындайды, биліктің жаңа архитектурасын жасайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ оларды қорғау тетігін нығайтады.

ТЖМ Заң департаменті директорының орынбасары Ерік Есмаханов қызметкерлерге  жаңа Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер туралы толық ақпарат берді.

Ата Заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік биліктің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіледі, мемлекеттік органдардың заң шеңберінен шығуын, артықшылық жасауын болдырмай, тек қана заңға сай әрекет ету міндеті күшейтіледі. ТЖМ қызметкерлері үшін бұл құқықтық мәдениетке, тәртіпке және жеке жауапкершілікке қойылатын талаптардың артатынын білдіреді.

Жаңа Конституция әділетті және мықты Қазақстанды құруға бағытталған, онда билік халыққа қызмет етеді, заңдар азаматтарды сенімді қорғайды, ал мемлекет тұрақты, жауапты және ашық болады.

Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары Қазақстан ТЖМ барлық бөлімшелерінде жалғастырылатын болады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button