Ел тынысы

Жастармен келелі кездесу

Астанада Үкіметтік емес ұйымдардың Дүниежүзілік күні қарсаңына орай Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Азаматтық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Заң және тәртіп» акциясын негізге ала отрып, Концитутцияның мән маңызын ашалап түсіндіруге арналған іс-шараның мақсаты – студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметімен таныстыру, олардың азаматтық қоғамды дамытудағы рөлін түсіндіру, сондай-ақ жастардың әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту болды.

Кездесуге университеттің студенттік ұйымдары мен өзін-өзі басқару құрылымдарының өкілдері, атап айтқанда студенттік клубтар мен студенттік парламент мүшелері белсенді қатысты. Сонымен қатар, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығынан келген ардагерлерде жастармен тәжірибе бөлісті.

Іс-шара барысында жастарға қоғамдағы құндылықтар, заңдылық пен құқықтық мәдениет, әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарында жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, ардагерлер жаңа қабылданғалы жатқан заң жобаларының жастарды әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қолдауға бағытталғанын, олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, болашағына оң әсер ететін тиімді тұстарын терең әрі нақты мысалдармен түсіндірді. Сонымен қатар, Азаматтық бастамалар орталығының өкілдері Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына қосылып жатқан үлестері туралы баяндап, студенттерге әлеуметтік жобаларға қатысу, волонтерлік қызметпен айналысу және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру жолдары жөнінде нақты ақпарат ұсынды.

–Жастар – елдің ертеңі, қоғамның басты қозғаушы күші. Қазір арамызда талқылам жатқан Ата заңға негізделген құқықтық нормалар мен қабылданып жатқан заңнамалық бастамалар да жастардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіз әрі саналы ортада қалыптасуына бағытталған. Бүгінгі іс-шара да сол жан жақты түсіндірілді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады, – деді Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Тәрбие жұмысы және жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Аида Айдарханқызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button