Құқық

Құқығыңды біл, жас маман!

Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға заң ғылымдарының докторы, профессор Төлеш Қаудыров қатысты.

Студенттермен кездесуге келген заң ғылымдарының докторы Төлеш Ерденұлы «Заң мен тәртіп» аясында студенттерге дәріс оқыды.

Әрбір адам өз құқығын бес саусағындай біліп жүруге тиісті. Көбісі заң

білмегендіктен әртүрлі келеңсіздіктерге тап болып жатады. Мәселен шығармашылық адамдары авторлық құқықтарын біліп жүретін болса, өз өнімдерін өзгенің иелігіне бермейді, -деді ол.

Кездесу барысында студенттерде өз тараптарынан туындағын сауалдарын жолдап, маманнан жауап алды. Шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған Қазақ Ұлттық Өнер унивесритеті ұжымы мұндай кездесулердің берері көп дейді.

Студенттер арасындағы кездесу «Заң мен тәртіп» жобасы аясында

Ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде шығармашылыққа қатысы бар студенттер қатысты. Мұнда дизайын мамандары, сазгерлер, күйшілер бар. Олар өз құқықтарын білу үшін арнайы қонақ шақырып, кзедесу өтікізіп отырмыз, -деді Айда Аймақова тәрбие жұмысы және жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button