Ел тынысы

Елорда оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сөз болды

Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен №119 мектепте білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының қатысуымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнай жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиын Білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Мұсахановтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының – Полиция департаментінің (ПД), Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің (ҰҚКД) өкілдері қатысты.

Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды. Ең маңызды міндеттердің бірі – барлық білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұр.

Кеңесте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды, оның ішінде:
• мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
• антитеррорлық қорғаныс шараларын қамтамасыз ету және күзет қызметтерімен өзара іс-қимыл;
• терроризм қатері туындаған жағдайдағы бастапқы іс-қимылдар бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу;
• терроризмге қарсы қорғаныс паспорттары мен нұсқаулықтары бойынша түсіндіру жүргізу, сондай-ақ терроризм актілері туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік мәселелері;
• 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 Бұйрықтың 6-тарауының талаптарына сәйкес дыбыстық хабарлау және дауыс хабарламаларын тарату жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету мәселелері.

Сондай-ақ, қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді.
Мектептердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Білім басқармасы осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button