Ел тынысыСаясат

Конституциялық реформа — ел дамуының берік негізі

Астана қаласы әкімдігі Бұқаралық спорт түрлері бойынша спорттық клубының басшысы Айдын Тоқбаев жаңа Конституциялық жобаға қатысты ой-пікірін ортаға салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-2026 жылы қабылданған Конституциялық реформа — еліміздің дамуына бағытталған маңызды әрі өзекті қадам, бұл бастаманы толық қолдаймын. Аталған өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді күшейтеді.

Реформалар бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және халықтың спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептеймін.

Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына және қоғам игілігіне қызмет ететініне сенемін, — дейді клуб басшысы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button