2025 жылы құрылыс индустриясы қалай дамыды?

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында құрылыс саласының 2025 жылғы негізгі қорытындылары туралы хабардар етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Оның айтуынша, еліміздің тұрғын үй қоры 59 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйді құрайды. 2026-2028 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында және кредиттік бағдарламала арқылы 20,7 млрд теңгеге 363 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге бюджеттік өтінімдер берілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 79 көппәтерлі тұрғын үй сүріліп, 2008 меншік иесі жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, 2026 жылы «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша 12,2 мың жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру жоспарланған.



