Ел тынысыСаясат

Қазақстанның Халық Кеңесі – қоғамдық диалогтың жаңа кезеңі — сарапшы

Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Халил Маслов жаңа Конституциялық жоба туралы пікір білдірді, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz.

-Отыз жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына Қазақстанның Халық Кеңесін (Народный совет Казахстана) құру – бүгінгі реформалар кезеңінде уақтылы әрі орынды шешім деп бағалауға болады. Қазіргі жағдайда елімізге қоғамның үні анық естілетін, біртұтас ұлттық мінбер аса қажет. Жаңа ұсынылған Халық Кеңесінің бұрынғы институттардың тәжірибесін сақтай отырып, заңнамалық бастама құқығына ие болуы оның мәртебесін мүлде жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Бұл формальды құрылым емес, нақты ықпал ету тетігіне айналуы әбден мүмкін.
Азаматтық қоғам, мәслихаттар және этномәдени бірлестіктер өкілдерінен құралған бұл институт мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді көпір болуға лайық. Ал Халық Кеңесінің мәртебесін Ата Заңымызда бекіту – маңызды саяси әрі институционалдық қадам, — дейді спикер.

Оның пікірінше, егер бұл бастама ашықтық пен әділдік қағидаттары негізінде жүзеге асса, Халық Кеңесі Қазақстандағы жаңа саяси мәдениетті қалыптастыратын негізгі институттардың біріне айналары анық.
«Қуатты мемлекет ашық диалогтан басталатыны баршаға аян. Қоғамның дауысы естілген жерде ел дамиды, ал даму бар жерде – биік мақсаттар мен нақты жетістіктер бар», -дейді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button