
Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы елдегі жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалардың логикалық жалғасы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Құжатта мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік институттарының тиімділігін арттыруға және құқықтық реттеуді заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған кешенді өзгерістер көрініс тапқан. Атап айтқанда, конституциялық нормалардың нақтылануы мен жүйеленуі құқық қолдану тәжірибесінде түсініспеушіліктерді азайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің тепе-теңдігін сақтау, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ қоғамдық диалогты дамытуға жағдай жасау реформалардың негізгі мазмұнын айқындайды. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер елдің тұрақты дамуына, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған деп есептеймін», — дейді депутат.



