
«Ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан құндылықтардың онда нақты қорғалғанын көргенде, жүректе терең жауапкершілік сезімі оянады», – деді халық қалаулысы.
Депутат сөзінде отбасы институтының Конституцияда айқын әрі нық бекітілуіне айрықша тоқталды. «Отбасының ер мен әйелдің одағы ретінде танылуы – елдік мүдденің өзегі. Ұлттың болашағы, ең алдымен, отбасында бойға сіңген тәрбие мен құндылықтарға байланысты», – деп атап өтті ол. Бұл норма қоғамның өмірден туған нақты сұранысын көрсететінін де қоса айтты.
«Қазақстанның шынайы байлығы – ата-бабадан қалған жері, рухани мұрасы және берекелі отбасы. Жаңа Конституция осы қастерлі қазынаны ең жоғары деңгейде қорғауға тиіс», – деп түйіндеді Екатерина Смолякова, ана ретіндегі жүрек сөзі мен халық қалаулысы ретіндегі азаматтық ұстанымын бір арнаға тоғыстыра отырып.



