Ел тынысыСаясат

Табиғатты қорғау саясатының құқықтық негізін күшейтеді

Экология министрлігі өкілдері жаңа Конституциялық жобада алғаш рет негізгі заң деңгейінде Әділеттік, Заң және Тәртіп сияқты қағидалармен бірге табиғатты аялау қағидасы бекітілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Министрлік сайтында жарияланған мақалада Конституциялық қағиданың бекітілуі табиғатты қорғау саясатының құқықтық негізін күшейте отырып, ресурстарды тұрақты пайдаланудың қоғамдық маңызына назар аударатыны жазылған.

«Аталмыш норма заңнама мен құқық қолдану үшін құндылық және нормативтік негізін қалыптастырады, сондай-ақ қоғамның экологиялық тәуекелдері мен ұзақ мерзімді мүдделерін ескеретін даму моделіне көшуді қолдайды. Экология дегеніміз негізгі құндылықтардың бірі, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты қорғап, аялап, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауы міндетті. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. Егер лауазымды адамдар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасырса, бұл үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Бұл өзгерістер азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ауқымды реформаның бөлігі болып табылады және декларативті экологиядан нақты экологиялық жауапкершілікке көшуді, оны мемлекеттің үйлесімді жүйесіне енгізуді білдіреді», делінген мақалада.

Конституция жобасының нормалары қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биоәртүрлілікті қорғау, құқық қолдану тиімділігін арттыру, ұзақмерзімді экологиялық басымдықтарды, болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, дамудың орнықты моделіне көшуді қолдау саласындағы заңнаманы дамыту мен жетілдіру үшін берік негіз.

Конституцияда азаматтардың табиғатты сақтау міндетін бекіту мынаны білдіреді:

  • қоршаған ортаны аялау – тек мемлекеттің ғана емес, азаматтардың да міндеті;
  • экологиялық зиян – (ластау, заңсыз ағаштарды кесу, браконьерлік) конституциялық нормаларды бұзу деп саналады;
  • азаматтардың таза ауа, су және жер құқықтарын тиімді қорғау мүмкіндігі;
  • мемлекет экологиялық жауапкершілікті азаматтардан қалай талап етсе, бизнес-қауымдастықтан да солай талап ете алады;
  • қоғамдық санада табиғат-шексіз пайдалануға арналған тегін ресурс емес, қоғамдық игілік екені жөніндегі Конституция жобасының негізгі серпілісі қалыптасады.

Конституцияға экологиялық міндетті енгізу:

  • қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіру үшін құқықтық негіз болады;
  • орнықты даму моделіне көшуді қолдайды;
  • экологиялық ағарту мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негізін қалайды;
  • экологиялық талаптарды экономикалық, қала құрылысы және энергетикалық саясатқа біріктіруге мүмкіндік береді;
  • экологиялық зиян үшін жауапкершілік шараларын кеңейтуге негіз болады.

Экология және Орман кодекстерінің нормалары мен оларды құқықтық қолдану Конституция кепілдігінде.

Сонымен қатар:

  • экологиялық зиянның алдын алу бөлігінде экологиялық заңнаманың қағидаттарын;
  • «ластаушы төлейді» қағидатын;
  • экологиялық залалды өтеу міндетін;
  • табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану талаптарын күшейтеді.

Жаңа Конституцияның жобасы табиғатты сақтау, қоршаған ортаны қорғау жалпыұлттық басымдықтарына ие болады, экологиялық заңнаманың тиімділігі күшейтіледі, табиғатты қорғау және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша құралдар енгізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button