
Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Құжат ауқымды. Өзгерістер көп. Конституцияның 84% жаңартылды. 77 бапқа түзетулер енгізілді. Екі жаңа бөлім қосылды. Бұл өзгерістердің басым бөлігі саяси жүйеге қатысты.
Бірпалаталы Парламентке көшу мәселесі соңғы жарты жыл бойы талқыланып келді. Сондықтан бұл жаңашылдық тосын болған жоқ. Қоғам бұл өзгерістерге дайын болды.
Мен үшін осы жобада ерекше көзге түскені басқа. Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға арнайы орын берілуі. Бұл бағыттың жеке атап көрсетілуі.
Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында жүздеген мың студент білім алуда. Елде 120-дан астам жоғары оқу орны жұмыс істейді. Жастар халықтың шамамен 1/3 құрайды.
Осы жағдайда білім мен ғылымның Конституцияда бекітілуі кездейсоқ емес. Бұл елдің болашақ дамуы туралы саналы шешім.
Білім мен ғылым ел дамуының негізгі факторы ретінде айқындалды. Инновация мен адам капиталы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланыстырылды.
Бұл жай сөз емес. Бұл стратегиялық ұстаным. Енді ол Конституция деңгейінде бекітіліп отыр.
Соңғы бес жылда ғылымды қолдау жүйелі сипат алды. Ғылымды қаржыландыру артты. Жаңа ғылыми жобалар іске қосылды. Зерттеу инфрақұрылымы жаңарды. Жас ғалымдарға арналған бағдарламалар кеңейді. Ғалымдарды әлеуметтік қолдау тетіктері қалыптасты. Жас ғалымдарға Президент үй берді.
Бұл өзгерістер студенттік ортада да кеңінен қолдау тапты. Себебі әңгіме олардың болашағы туралы, білім арқылы дамитын ел туралы.
Жаңа Конституция елдің даму бағытын айқындайды.
Ал ол бағытта білім мен ғылым басты тірекке айналып отыр.



