Ел тынысыСаясат

Медицина мамандары жаңа Конституция жобасын талқылады

Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау мәселелерін реттеу және азаматтардың медициналық көмекке құқығын іске асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының ережелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Талқылауға ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің басшысы Надежда Петухова, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, ҚР ҰҒА академигі, профессор, репродуктолог Вячеслав Локшин, профессор Мақсұт Құлжанов, сондай-ақ жетекші мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың басшылары, бизнес және бейіндік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығын және оны іске асыру тетіктерін бекітетін конституция жобасының 32-бабы басты назарда.

Жоба арқылы денсаулық сақтау құқығын сақтау ұсынылады: ️ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте белгіленген көлемде және тәртіппен тегін медициналық көмек алу; ақылы медициналық көмекті заңды түрде алу.

«Азаматтар, бұрынғыдай, медициналық көмек алу құқығын заңда белгіленген көлемде сақтайды. Ұсынылған өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді нақтылауға және құқықтық нығайтуға бағытталған», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Негізгі новеллалардың ішінде медициналық көмекті қаржыландыру көздерін, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен кеңейту болып табылады. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жоба сонымен қатар азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған нормаларды қамтиды: 7-бап — денсаулықты сақтау мақсатында діни ұйымдардың қызметін шектеу мүмкіндігі; 23-бап — сөз еркіндігі және ақпарат тарату азаматтардың денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button