Студенттерге алаяқтық әрекеттердің белгілері түсіндірілді

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында алаяқтық әрекеттердің неше түрінің алдын алу, буллингке қарсы іс-қимыл жасау және қоғамдық құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерінің халықпен кездесулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осы жұмыс аясында елорданың Байқоңыр ауданы әкімдігі мен прокуратурасының мамандары Құрылыс-техникалық колледж студенттерімен түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға шамамен 50 студент қатысты.
Кездесу барысында студенттерге қаржылық пирамидалардың белгілері мен кең таралған алаяқтық схемалар туралы баяндалған арнайы бейнероликтер көрсетілді. Спикерлер қазіргі жағдайда құқықтық сауаттылық пен саналы мінез-құлықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық мәдениеті мен ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарының бәрінде тұрақты түрде өткізілетін болады.



