Ел тынысы

Саяси шешімдерді қабылдауда қоғам мүддесін ескеру күшейтіледі — заң ғылымдарының докторы

Конституцияға өзгерістер енгізу бүгінгі күндегі жаһандық сын-қатерлер халықаралық қатынастардағы шиеленісті жағдайларға нақты жауап бере алатын мемлекеттік биліктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалған құқықтық реформа. заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов жаңа Конституциялық жоба туралы осылай пікір білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның айтуынша, жобадағы жаңа нормалар билік тармақтар арасындағы тепе-теңдік, тежемелік жүйесін одан әрі жетілдіріп, азаматтардың кұқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталып отыр. Конституция Преамбуласындағы жаңа құндылықтар мемлекеттік құқықтық дамуының жаңа бағдарларын айқындайды. Конституцияның Преамбуласы әділетті Қазақстанды орнықтыратын елдің бірлігі мен тұтастығын сақтайтын, ғылым,білім, инновацияға сүйенген, табиғи ортаны аялай білетін қазақ елінің азаматтары үшін құқықтық темірқазық болуы тиіс.

-Бұл жоба халықты референдумда қолдау табатын болса, бір палаталы, кәсіби «Құрылтай» сапалы, халық мүддесіне қажетті заңдар шығаратын ең жоғарғы өкілді органға айналады. Болашақ «Құрылтай» депутаттарының құрамы пропорционалды жүйемен өткізілетін сайлауда жасақталады. Ал бұл норма еліміздегі саяси партиялардың рөлін күшейтіп, олардың құрамының сапасын жетілдіруге алып келеді. Ел азаматтары ең маңызды науқанға қатысу кезеңінде саяси партиялардан институционалды жауапкершілік күтеді. Қоғамдық бірлестіктердің аймақтық, азаматтық қоғам мүшелерінің өкілдері заң шығару процесіне үлес қосу мүмкіндігіне ие болу мүмкін, — дейді профессор.

Сонымен қатар ол Конституция жобасындағы «Халық кеңесі»консультативті органы арқылы мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігі берілетінін жеткізді.

-Бүгінгі таңдағы цифрлық технология мен жасанды интеллектінің дамуын ескеріп, Конституция жобасына азаматтардың цифрлық жеке, дербес мәліметтерін қорғау құқығы енгізіледі.Жобадағы бұл жаңашылдық адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты қорғау тетіктерін жетілдіруге қосылатын қомақты құқықтық тетік болып табылады.«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі — халық» деген бап Қазақстан Республикасындағы биліктің қайнар көзіне қатысты құқықтық норманы нақтылай түседі. «Вице-президент» лауазымы және оның құзыретінің конституциялық деңгейде айқындалуы елдегі саяси биліктің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Жаңа өзгерістер Парламенттің өкілеттілігін күшейтуді және саяси жүйенің тиімділігін арттыруды көздейді.Сол арқылы заң шығарушы биліктің рөлі артып, өкілді органның Үкімет пен атқарушы билікке ықпал ету тетіктері кеңейтіледі. Бұл қадам халық үніне құлақ асуды және саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның мүддесін кеңінен ескеруді күшейтеді, — дейді заң ғылымдарының докторы.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button