Ел тынысы

Қазақстан павильоны Bett UK 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы Bett UK 2026 халықаралық көрмесіне қатысып, сондай-ақ жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен әлемдік технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бірінші күннің басты оқиғасы министрдің Bett UK 2026 – Leading EdTech көрмесіне қатысуы болды. Бұл – білім беру технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық платформалардың бірі. Көрме жыл сайын мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, технологиялық компаниялардың және сарапшы қауымдастықтардың өкілдерін жинап, білімнің болашағы, оқу процесінің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектіні енгізу және инновациялық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

21 қаңтарда Лондонда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыруымен Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу рәсімі өтті. Ұлттық павильон жоғары және одан кейінгі білім жүйесін дамытудағы басым бағыттарды көрсетуге арналған алаңға айналды. Мұнда білім беру процестерін цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту сияқты бағыттар таныстырылды.

Павильон жұмысына 9 қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қатысып, өздерінің академиялық бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын және шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынды. Экспозиция отандық университеттердің дамуының жоғары деңгейін, олардың ғылыми-білім беру әлеуетін және халықаралық қауымдастықпен белсенді өзара әрекеттесуге дайын екенін көрсетті.

Көрме аясында пленарлық сессиялар, тақырыптық пікірталастар, жетекші EdTech әзірлемелерінің таныстырылымдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар, университеттер мен жаһандық технологиялық компаниялардың өкілдері арасындағы іскерлік кездесулер өтіп жатыр. Қазақстан делегациясының Bett UK 2026 көрмесіне қатысуы еліміздің цифрлық білімді дамыту, жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу және инновациялық білім беру шешімдерін ілгерілету бойынша стратегиялық бағытын айқындайды. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, қазақстандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанды білім беру мен цифрлық технологиялар саласында өңірлік көшбасшы ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button