Денсаулық

Биологиялық белсенді қоспалар туралы не білуіміз қажет?

Тағамға биологиялық белсенді қоспалар арнайы тамақ өнімдері ретінде жіктеледі және дәрілік заттар болып саналмайды.

Ішкі нарықта тұтынушыларға сатылатын барлық тағамға биологиялық белсенді қоспалар ҚАУІПСІЗ болуы тиіс және сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өтуі керек.

Кеден Одағының 021/2011 ТР 20-бабының талаптарына сәйкес арнайы тамақ өнімдерінің сәйкестігін бағалау (растау) мемлекеттік тіркеу нысанында жүзеге асырылады.

ББҚ қауіпсіздігін растау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген құжаттың — мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы болып табылады.

Барлық тағамдық қоспаларды әкелу және сату мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен жүзеге асырылуы тиіс.

Кеден Одағының 022/2011 ТР 4-бабына сәйкес Қапталған   тамақ өнімдерінің таңбалануы, оның ішінде тағамға ББҚ таңбалау келесі ақпаратты қамтуы керек: 4-бабының талаптарына сәйкес:

1) тамақ өнімдерінің атауы;

2) тамақ өнімдерінің құрамы;

3) тамақ өнімдерінің саны;

4) тамақ өнімдерінің өндірілген күні;

5) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі;

6) өндіруші белгілеген немесе тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламенттерінде көзделген тамақ өнімдерін сақтау шарттары. Қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өнімді бұзылудан қорғайтын тамақ өнімдері үшін орамды ашқаннан кейін сақтау шарттары да көрсетіледі;

7) тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіруші дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері (бұдан әрі – өндірушінің атауы және орналасқан жері); Сондай-ақ Кеден одағының осы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атауы мен орналасқан жері, импорттаушы ұйымның атауы және орналасқан жері немесе импорттаушы дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері (бұдан әрі – импорттаушының атауы мен орналасқан жері);

8) ұсынымдарды және (немесе) тамақ өнімдерін осы ұсынымдарсыз немесе шектеулерсіз пайдалану қиын болған немесе тұтынушылардың денсаулығына, олардың мүлкіне зиян келтіруі немесе тамақ өнімінің дәмдік қасиеттерінің төмендеуіне немесе жоғалуына әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда оларды дайындауды қоса алғанда, пайдалану бойынша ұсыныстарды және (немесе) шектеулерді;

9) осы баптың 4.9-бөлігінің ережелерін ескере отырып, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;

10) тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (бұдан әрі – ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің болуы туралы ақпарат;

11) Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.

Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында (заңдарында) тиісті талаптар болған жағдайда, орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілінде (тілдерінде) қолданылуы тиіс.

Азық-түлік өнімдерінің таңбалануы түсінікті, оқуға оңай, айқын және тұтынушыларды (сатып алушыларды) адастырмауы керек, сонымен қоса, жазулар, белгілер және белгілер таңбалау қолданылатын фон көзге анық көрінетін болуы керек. Таңбалау әдісі өндіруші белгілеген сақтау шарттарын сақтай отырып, тамақ өнімінің бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Мұхамғали Арысбаев, 

Астана қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button