Елорда тынысы

Елордада тағы да 12 мектеп ашылады

Елордада әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, Оқушылар сарайы, медициналық мекемелер, спорттық нысандар және өзге де әлеуметтік нысандар бар. Мәселен, биыл елордада тағы 9 мектеп пайдалануға берілді.

«Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша рекордты көлемде мектеп салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 66 мың оқушыға арналған 24 оқу орны ашылды. Осы 24 мектептің 16-сы Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылының басынан бері тағы 9 мектеп өз жұмысын бастады. Ал келесі жылы тағы 12 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр», – деді Астана қаласының әкімі.

Сонымен қатар елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қайта жанданды. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 4 балабақшаны пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал келесі жылы тағы 5 балабақша ашу жоспарланған, олардың қатарында жекеменшік балабақшалар да бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қосымша білім беру нысандары да салынып жатыр. Мәселен, Мұхамедханов көшесінде орналасқан TANYM жаңа Оқушылар сарайы ашылуға дайын. Сол сияқты келесі жылы тағы екі TANYM Art Оқушылар сарайы (Ақан сері көшесі мен С189 көшесінде) және TANYM Sport Оқушылар сарайы (М.Төлебаев көшесінде) ашылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button