Мәдениет

Ән мен тілдің тоғысы

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа асу» байқауы аясында жүзеге асып жатқан «Танымал шетелдік музыкалық шығармалардың мәтіндерін қазақ тілінде жаңғырту» жобасының «Ән мен тіл тоғысы» атты музыкалық-шығармашылық кеші өтті. Іс-шарада әлемге танымал 100 әннің қазақша аударма нұс­қалары алғаш рет көрерменге ұсынылды.

Әлемдік танымал әндердің мәтінін қазақ тіліне аудару арқылы лингвомәдени мәселелерді айқындау, музыка-поэтика мәтіндерінің көркемдік табиғатын сақтай отырып, ұлттық тілде жаңғыр­ту мақсатында өткен кеш барысында «My heart will go on», «Bailando», Майкл Джексонның «You’re not alone», Валерий Меладзенің «Красиво», Юрий Антоновтың «Мечты сбываются», «Крыша дома твоего», сондай-ақ «Cheri cheri lady», «Хуторянка», Dabro тобының «Юность», One Direction тобының «Night changes» сынды әлемдік хиттердің қазақ тіліндегі жаңа нұсқалары орындалды.

– 2018 жылы Гиннесстің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклiн композитор Риккардо Коччантемен бірге қазақ тіліне аударған едім. Алғаш рет 1998 жылы Париж қаласында қойылған мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған екен. Содан бері әлемнің танымал әндерін аударсақ деген ой жүрген, оның жүзеге асуына уни­верситетіміздің ректоры ­Ерлан Сыдықов үлкен қолдау білдірді. «Қазір караокеге барсаңыз әлемнің танымал әндері өте көп, оны сол ұлттың тілінде айтуға екінің бірінің ебі келмейді. Сенің бұл жағынан тәжі­рибең бар ғой, өзің бас боп аударып көрсең қайтеді?!» деп қолдау білдіргеннен кейін «Жаңа асу» жобасы аясында әлемнің 100 әнін аудардық. Бұл – ұжымдық жұмыс. Келешекте аударма нұсқаларымызды караокелерге ұсынамыз, – деді жоба жетекшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы, «Топжарған» ақындар клубының жетекшісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button