«Бала көзімен – заң мен тәртіп»

Астанада қала прокуратурасы мен әкімдік бірлесіп ұйымдастырған «Бала көзімен – заң мен тәртіп» атты қалалық сурет байқауы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Байқауға елорда мектептерінің 5–7 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты — балаларға заңды сақтаудың маңызын шығармашылық арқылы түсіндіру. Қазылар алқасының құрамына Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі — ЮНЕСКО клубы педагогтары мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіріп, жұмыстарды көркемдік орындалуы мен тақырыпты ашуына қарай бағалады. Нәтижесінде 22 үздік жұмыс анықталып, қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Алдағы уақытта үздік суреттер қаланың қоғамдық кеңістіктерінде өтетін көрмелерінде қойылатын болады. Шығармашылық — балаларға заңды құрметтеудің маңыздылығы мен құндылығы туралы айтудың ең тиімді жолы.



