Құқық
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттерге дәріс оқылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астана қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының өкілдері «Туран Астана» университетінде дәріс оқыды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарға, буллинг және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу” тақырыбында өткен дәріс дәріс барысында есірткі қылмысына қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар осы қылмыстардың алдын алу шаралары қарастырылып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Осы бағыттағы қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беріліп, сот тәжірибесіндегі мысалдар келтірілді.



