Құқық

Заң мен тәртіп мектептен басталады

Қоғамда «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында қала прокуратурасы  қала әкімдігімен бірлесе отырып оқушылар арасында құқықтық ағартушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бүгін №97 мектеп-гимназиясында балалардың құқықтық ойлауын, заң мен қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған байқаудың алғашқы кезеңі өтті.

Іс-шара барысында оқушылар интерактивті тапсырмаларға қатысып, өмірдегі нақты жағдайларды талқылады және заң шеңберінде әрекет етуге қатысты практикалық білім алды.

Аталған жұмыс елорданың барлық мектептерінде басталып, өскелең ұрпақтың заң мен тәртіпке құрметпен қарауын қалыптастыруды көздейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button