Ел тынысы

Ағаш өнімдерін таңбалау пилоттық жүйесі іске қосылуда

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті GIZ-пен бірлесіп, ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді. Талқылауға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Семинар барысында реттеуші әсерді талдаудың негізгі тұжырымдамалары, ағаш өнімдерін іздеу мүмкіндігін енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар таныстырылды. Қатысушылар таңбалауды енгізудің нормативтік және техникалық аспектілерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін келісу және енгізу бойынша келесі қадамдар анықталды.

Пилоттық жоба кейінгі кезеңде ұлттық деңгейге масштабтау мақсатында «Семей орманы» МОТР РММ жүзеге асырылатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button