Қоғам
Қазақстан мен Беларусь музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Әзірет Сұлтан» және «Несвиж» (Беларусь Республикасы) Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Екі музей де ұлттық статусқа ие және ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілген. Екі ұйымның басты мақсаты — тарихқа деген құрметті арттыру және оны болашақ ұрпаққа жеткізу.
Меморандум аясында тараптар тәжірибе алмасу, қосымша көрмелер ұйымдастыру және зерттеу жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр.



