Денсаулық
Дәріханаға «NAQTY ОNIM» қосымшасы арқылы шағымдануға болады

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, онда әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады, сондай-ақ жоғары бағаларға шағым бере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл пациенттерді жалғаннан қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді.
Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталды. Тексерулер Бас прокуратурамен бірлесіп басталды.
Ашықтық қазірдің өзінде нәтиже береді: фармсектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өсті.



