Білім

Ашық тәрбие сағаты өтті

Астанадағы №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде Әкелер одағының қатысуымен «Әке тәлімі – өмір азығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Оған бастауыш сынып оқушылары мен олардың әкелері қатысты.

Іс-шара отбасындағы әкенің тәрбиелік рөлін арттыру, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, оқушыларды отбасылық құндылықтарға баулу, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара барысында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Темір ­Спатаев бала тәрбиесі туралы айт­са, Рес­публикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Нығметұлы мұндай тәрбие сағаттарының маңызы зор екеніне тоқталды.

«Осындай шаралардың білім ошақтарында ұйымдастырылуы орынды деп ойлаймын. Неге десеңіз, баланың өмірге деген, қоғамға деген көзқарасы осы мектепте оқып жүрген оқушы кезінде қалыптасады. Оның рухты болып өсуіне, әкеге деген сүйіс­пеншілік пен құрмет сезімі қалыптасуына, жалпы үлкендерді, ұстазды сыйлауына бүгінгідей іс-шаралардың үлесі зор. Әке мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру, отбасылық тәрбие мен мектеп арасындағы байланысты күшейтудің маңызы зор. Сондықтан ұйымдастыруға атсалысқан мектепке алғысымды білдіремін» деді ол.

Ал №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Болат Мұңбаев әкенің бала өміріндегі рөлі туралы айтты. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button