Елорда тынысы

Әлеуметтік нысандар көбейеді

Елордада инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды салуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері (жылу, электр, су), мектептер, балабақшалар және оқушылар сарайларының құрылысы белсенді түрде жүргізіліп, сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды салуға жеке инвестициялар да тартылып жатқанын мәлімдеді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

– Қалада 4 Оқушылар сарайы жұмыс істейді (екеуі – мемлекеттік, екеуі – жекеменшік). Былтыр жалпы саны 4 мың орынға есептелген 2 жекеменшік нысан пайдалануға берілді: «Sana Bilim» – 2 мың орын (Тұран даңғылы), «Sana Sport» спорттық және шығармашылық орталық – 2 мың орын (Қажымұқан көшесі). Қазіргі уақытта біз қосымша тағы төрт білім беру нысанын (Оқушылар сарайы) салып жатырмыз. Оның үшеуі – мемлекеттік, ал біреуі жеке инвестиция­лардың есебінен салынып жатыр. Сондай-ақ биыл екі нысанның құрылысын аяқтау­ды жоспарлап отырмыз. 2026 жылы көпфункционалды екі кешенді пайдалануға беру, 2027 жылы тағы екі нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деді қала әкімі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button