Ел тынысы

43 мыңнан астам қазақстандықтан қатерлі ісік анықталды

Қазақстанда 400 мыңнан астам онкологиямен ауыратын науқас есепте тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

– Келесі аптада Астанада протонды терапия орталығы ашылады. Бұл орталық жылына 900-ге дейін ісігі қиын жерде орналасқан науқастарды қабылдайды. Бұл шынымен де серпіліс. Біз әлемде протонды терапия орталығын орнатып іске қосқан 25-ші елміз. Бұл ТМД елдеріндегі үшінші аппарат. Ал Орталық Азияда алғашқы, — дейді Ақмарал Әлназарова Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында.

Министр радиофармацевтикалық препараттарды өндіру мәселесіне де тоқталды.

– Бүгін жаңа препараттар желісі іске қосылып жатыр. Қазір диагностикалау мен емдеу үшін қолданылатын бірнеше препарат бар. Бірақ біз дамуды тоқтатпаймыз. Алдағы күндері диагностикалау мен емдеуге арналған алғашқы препарат іске қосылады. Сонымен қатар, радиоактивті йод қолданылатын терапия үшін палаталар санын көбейттік. Биыл тағы 8 палатаны ашып, емдеу жұмыстарын бастадық, — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Протонды терапия орталығы өткен жылы ашылған Ұлттық онкологиялық орталықтың аумағында орналасады. Бұрын республикамыздың бюджеті есебінен протонды терапияны шетелден алу үшін жыл сайын 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Енді бұл ем түрін шетелге бармай-ақ, өз елімізде жасауға болады.

– Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерімен бірге, әсіресе бас миы, мойын, бастың басқа күрделі бөліктерінде ісіктері бар балалардың заманауи емді еш қиындықсыз алу жолдарын талқылап жатырмыз. Соңғы екі жылда біздің мамандар протонды терапия мен онкология саласындағы жетекші елдерде білім алды. Оқыту республикамыздың бюджеті есебінен жүргізілді. Бұл онкологиялық науқастарға медициналық қызметті айтарлықтай қолжетімді етеді. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің науқастары да медициналық қызметті оңай ала алады, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Қазақстандықтар үшін протонды терапия мемлекет есебінен өтеледі. Елдегі онкологиялық көмек мемлекеттік кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін көрсетіледі.

– Қазіргі уақытта 400 мыңнан астам азамат әртүрлі онкологиялық аурулар бойынша есепте тұр. Биыл 43 мыңнан астам жаңа рак жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, біз ерте диагностикалау көрсеткішін шамамен 30%-ға арттырдық. Бүгінгі күнде біздің басты басымдық – ерте диагностика. Сондықтан онкологиялық аурулардың өсуі туралы айтқанда, маңыздысы – біздің көрсеткіш Еуропа елдерімен салыстырғанда әлі де төмен. Бұл аурулардың өсуінде қорқатын ештеңе жоқ, бастысы – ауруларды уақытылы анықтап, мүмкіндігінше ертерек емдеуді бастау, — деді Денсаулық сақтау министрі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button