Ел тынысы

Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды

Елордада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылып, салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жаңа нысанның лентасын ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры Андрей Широков қиып, осылайша жаңа штабтың жұмысы ресми түрде басталды.

Аталған штаб-пәтер Еуразия аймағындағы қаржылық тұрақтандыру мен дамудың негізгі платформасы ретінде қордың әлеуетін нығайтып, оның орталық операциялық-талдау орталығына айналады.

Іс-шараның аясында ЕТДҚ қызметі жөнінде, оның басым бағыттары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы презентация таныстырылды.

Ашылу салтанатына қорға мүше елдердің, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button