Ел тынысы

Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізілмек

2026 жылы Алматы мен Астана қаласының орта білім бағдарламасына жүзу спорты енгізілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылы әлемде 235 мыңнан астам адам суға батып кетті, оның 82 мыңы 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл цифр халықты қарапайым жүзу дағдылары мен суда қауіпсіздік тәртібін оқытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірге бағдарлама енгізу жұмысы істелініп жатыр. Оның аясында жүзу сабағы дене тәрбиесі жүйесіне енгізіліп, мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналады, — деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл жобаны 2026 жылы Алматы мен Астана қаласында ілкі жоба ретінде енгізу жоспарланып отыр. Одан кейін біртіндеп бүкіл елімізге енгізіледі.

— Мұндай бастама АҚШ, Австралия, Мажарстан сынды елдерде жүзеге асырылып жатыр. Олар әлемде жүзуден ең мықты мемлекеттердің бірі саналады әрі ұзақ жылдан бері мектеп жүйесінде балаларды жүзуге міндетті түрде үйретуді табысты енгізген. Жобаны іске асыру ерте бастан балалардың суда қауіпсіз болу дағдысын қалыптастырып, оларды спортқа тартуға мүмкіндік береді, — деді Дмитрий Баландин.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button