«Бостандық жырының бозжорғасы»

Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.
Мүшәйраның шарты бойынша әр ақын екі туынды ұсынады:
Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).
Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.
Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді. Хатқа
қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.
Бәйге жүлдесі төмендегідей:
Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000;
Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000;
Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000;
Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000;
Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000.



