Білім

Конституциялық Сот Астана студенттеріне дәріс ұйымдастырды

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында Республика күніне орай «Егемен елдің еңсесі биік» тақырыбында еліміздің сегіз жетекші жоғары оқу орнының заң факультеттері студенттері үшін гибридті форматта Study dialog өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шараға офлайн форматта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің және «Тұран-Астана» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Онлайн-режимде диалогқа Maksut Narikbaev University, Астана халықаралық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нархоз Университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Каспий университетінің студенттері мен оқытушылары қосылды.

Шараға барлығы 300-ге жуық болашақ заңгерлер қатысты.

Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев Study diaolog модераторы болды.

Белгілі құқық қорғаушылар, заңгер ғалымдар және Конституциялық Сот аппаратының өкілдері баяндама жасады.

«Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының басшысы Жеміс Тұрмағамбетова Қазақстандағы құқық қорғаушы институттарының қалыптасуындағы Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңыздылығы туралы айтып берді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Әбдірасұлов еліміздің саяси-құқықтық тарихындағы Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның рөлі туралы баяндама жасады.

«Тұран-Астана» университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Айжан Сатаева қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі құқықтық мәдениеттің маңызы тақырыбына тоқталды.

Конституциялық Сот Аппаратының өкілдері Салтанат Нұрымбетова мен Назгүл Тұяқбаева өз сөздерінде тәуелсіздіктің конституциялық мәнін, сондай-ақ қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың қазіргі заманғы маңызын қарастырды.

Қатысушылар Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның рөлін және оның құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудағы маңыздылығын талқылады.

Шараны қорытындылай келе, Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев Конституциялық Сот жоғары білікті заң кадрларын даярлау, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін дамыту, сондай-ақ Конституцияны, қазіргі конституционализм қағидаттарын насихаттау, құқықтық мәдениет пен конституциялық заңдылықты нығайту мақсатында жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық үшін ашық екенін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button