Басты ақпаратЕлорда тынысы

Инвестицияға қолайлы қала

Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарын терең өңдейтін интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды. Жобаны түркиялық Tiryaki Agro холдингі мен қазақстандық «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС және «ADOtex» ЖШС бірлесіп құрған Kazak Protein компаниясы жүзеге асырады. Инвестицияның жалпы көлемі 320 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында шамамен 400 жаңа жұмыс орны ашылады. Құрылыстың екі кезеңін аяқтау 2028 жылға жоспарланған. Бұл жаңалықты елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жария етті.

«Агроөнеркәсіп кешенінің құрылысы екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – бидайды терең өңдеу – 2027 жылы, ал екінші кезең – бұршақ дақылдарын терең өңдеу – 2028 жылы аяқталады. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 250 мың тонна бидай мен 80 мың тонна бұршақ өнімдерін өңдеуге мүмкіндік береді. Өңдеу нәтижесінде глютен, крахмал, лизин, құрама жем, өсімдік негізіндегі ақуыз изоляттары және басқа да өнімдер шығарылады. Дайын өнім тек ішкі нарыққа ғана емес, сондай-ақ экспортқа да шығарылады деп жоспарлануда» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жеңіс Қасымбек Астанада негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң даму динамикасы байқалатынын да түсіндіріп жазды.

«Биыл 7 айдың қорытындысы бо­йынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,1%-ға артты. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім беру, көлік, логистика және өзге де салалардағы жобалар бар» деді әкім.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button