Астанадағы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық талқыланды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Астанадағы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2025 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында 2026 жылғы сәуірде өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық бойынша брифинг өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер министрліктері, Климаттың өзгеруі мен жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық офисі ұйымдастырды.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қатысушыларды қарсы алып, Саммит аясында БҰҰ-мен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев БҰҰ-мен әріптестікте әзірленген Бес жылдық іс-қимыл бағдарламасының жобасын таныстырды.
СОР29 Президенті, Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Мухтар Бабаев Қазақстан бастамаларын қолдап, жасыл энергетиканы дамытудың маңызын атап өтті.
БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Татьяна Молчан табиғатқа негізделген шешімдерді дамытудың маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ экологиялық қызметтің нәтижелілігіне арналған өңірлік шолу әзірлеуді ұсынды.
БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Нью-Йорк кеңсесі басшысының орынбасары Джамиль Ахмад Қазақстан мен өңір бастамаларына тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, Еуропа және ТМД үшін БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) Өңірлік бюросының директоры Ивана Живкович Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын айтып, Каспий теңізін сақтау, жерді тұрақты пайдалану бастамаларын іске асырудың маңыздылығын жеткізді.