Руханият

Астанада «Бейбітшілік симфониясы» концерті өтті

Елордада Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің VIII съезі аясында «Бейбітшілік симфониясы» атты концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Салтанатты концерт Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында съезд қонақтары мен қатысушылары үшін ұсынылды. Іс-шараның басты мақсаты – диалог, өзара түсіністік пен рухани бірлікті дәріптеу. Жиынға белгілі қазақстандық орындаушылар, оркестрлер, хор ұжымдары және шығармашылық топтар қатысты.

Сахна төрінде Бағжан Октябрь, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі мен камералық хоры, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ардақ Елеусіз, «Жаңа толқын-2025» халықаралық байқауының жүлдегері Yernazar, халықаралық байқаулардың лауреаттары Такен Ернұр, Елена Михеева, Альбина Оганесян, Татьяна Ким, Тимур Умаров және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.

Концерттік бағдарлама түрлі халықтар мен конфессиялардың әуендерін тоғыстырып, мәдениеттер мен діндер арасындағы байланыстарды нығайтудағы өнердің күшін айшықтады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button