Қоғам

Салық жүйесін жетілдіру мәселесі сөз болды

Астанa қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиында бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылап, шоттардың бұғатталуына байланысты мәселелерді қозғады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елорданың Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жайжұман 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін негізгі түзетулерді таныстырды. Жаңа өзгерістер салықтық режимдерді қолдану тәртібіне әсер етіп, кәсіпкерлердің кең ауқымына ықпал етпек.

Ең өткір мәселелердің бірі – Алматы ауданын Алматы және Сарайшык аудандарына бөлу кезінде туындаған жүйелік ақау болды. Өңірлік кеңес мүшесі Сауле Самидин атап өткендей, салық органдары арасындағы деректі дұрыс бермеу салдарынан кәсіпкерлер қиын жағдайға тап болған. Жаңа дерек бойынша салық төлегеніне қарамастан, бұрынғы салық органдары хабарламалар жіберуді және алдын ала ескертусіз шоттарды бұғаттауды жалғастыруда.

Шешім ретінде екі ауданның салық органдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру және хабарландырудың қолжетімді тетіктерін енгізу ұсынылды. Мысалы, SMS арқылы немесе мобильді қосымшалармен интеграциялау жолымен бұл тиімді болмақ.

Жиын қатысушылары жаңа жеңілдетілген декларацияға көшу кезінде арнайы салық режимін қолдану мәселесіне де ерекше назар аударды. Халықаралық салық аудиторлары қауымдастығының төрайымы, Finex-Standart аудиторлық компаниясының директоры Әсел Жанабекова кәсіпкерлердің арнайы салық режимін қолдануына шектеу қоятын қызмет түрлерінің қолданыстағы тыйым салынған тізімін қайта қарауды ұсынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button