Тәлімгерлер кеңесі – кәсіби қалыптасудың кепілі

Бүгінгі күннің талабына сай кәсіби, ашық әрі нәтижеге бағытталған мемлекеттік аппарат құру – еліміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі. Осыған орай қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мемлекеттік қызметтің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашып отыр. Аталған стратегиялық құжатта адами капиталды дамыту және кәсіби өсуді қамтамасыз ету – басты басымдықтардың қатарында көрсетілген, бұл ретте тәлімгерлік институты мен Тәлімгерлер кеңесінің рөлі ерекше.
Осы тұжырымдама шеңберінде мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес барлық аймақтарда құрылған «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ел игілігі жолында адал қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге берері мол.
Тәлімгерлер кеңесі – бұл тәжірибелі мамандардың жинақталған білімін кейінгі буынға жеткізуге арналған алаң. Мықты мемлекет кәсіби қызметшіден басталады, ал кәсіби маман білікті тәлімгерді қолдауымен қалыптасады.
Мемлекеттік басқарудың сабақтастығы, рухани-адамгершілік бағдарларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыру мен басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және бейімделуіне көмектесу, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты бар кеңесте қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің үйлесімді жұмысы сабақтастықты дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде.
«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін бірқатар өзекті тақырыптар көтеріліп, оларды шешу жолдары мен қоғамның қазіргі заманғы талаптарына сәйкес тәлімгерлікті дамыту стратегиясын әзірлеу үшін жұмыс нәтижелерін талқылау және талдау мен нақты қадамдар ұсынылды.
Осындай іс-шаралардың өткізілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің арасындағы сабақтастықты дамытуға және мемлекет үшін адал қызмет ететін кадрларды ұстап қалу мен кәсібилендіруді қамтамасыз ететіні анық.