Ел тынысы

Астанада БАҚ өкілдері арасындағы байқаудың үздіктері марапатталды

Елордада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай жарияланған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Астана қаласының Коммуникациялар қызметі қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған байқау елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық өмірін кеңінен насихаттап жүрген журналистер мен медиасала мамандарын қолдауға бағытталған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Марапаттау рәсімі 4 шілде күні сағат 15:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияныңғимаратында өтті.

Конкурсқа газет, телерадио, интернет-портал тілшілерімен қатар, әлеуметтік желі белсенділері де қатысты. Байқау аясында 7 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Атап айтқанда:
– «Үздік журналист-сарапшы» – 1-орын – Алина Шашкина (Tengrinews.kz), 2-орын – Айгүл Уайсова («Астана ақшамы»), 3-орын – Бахитшат Супиев (Республикалық «Ұйғыр авази» газеті);
– «Үздік шолушы» – 1-орын – Қуаныш Нұрданбекұлы (Egemen.kz), 2-орын – Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы (dalanews), 3-орын – Айгерім Түкешева (kz.kursiv.media);
– «Үздік радиорепортаж» – 1-орын – Азамат Жомартұлы Тілепов («Қазақ радиосы»), 2-орын – Алина Грэй («Жібек Жолы» радиосы), 3-орын – Бағдагүл Рахметқызы («Қазақ радиосы»);
– «Үздік телесюжет» – 1-орын – Ақниет Балтанова («Qazaqstan» телеарнасы), 2-орын – Ержан Ерболұлы Өтепқалиев («Atameken Business»), 3-орын – Әли Әлішер (24 KZ);
– «Үздік мобилограф» – 1-орын – Ербол Берікболұлы Теңелбаев; 2-орын – Мағжан Тоқтыбай;
– «Үздік фоторепортаж» – 1-орын – Ольга Ибраева (belles media), 2-орын – Толқын Сұлтан («JAS TEEN» балалар мен жасөспірімдер арнасы), 3-орын – Екатерина Елисеева (Zakon.kz)
– Жұмысшы мамандықтар жылы» арнайы номинациясы – 1-орын – Лаура Түсіпбекова («Казахстанская правда»), 2-орын – Әлімжан Исабай, 3-орын – Сабина Кәкімжан (Elordainfo.kz), 3-орын – Құралай Мұратова («Вечерняя Астана»).

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды саланың беделді өкілдері, медиа сарапшылар мен тәжірибелі журналистерден құралған байқау комиссиясы анықтады.

Байқау жеңімпаздарына сертификаттар табысталады. Бірінші орын иегеріне 1 000 000 теңге, екінші орын иегеріне 700 000 теңге, ал үшінші орын иегеріне 500 000 теңге жүлде қоры тағайындалған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button