А. Ертаев БҰҰ БЖКБ өкілі Д. Липканумен кездесу өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ) өкілі міндетін атқарушы Думитру Липканумен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Асқарбек Ертаев Қазақстанда босқындарға қатысты заңнамалық нормаларды, оның ішінде тиісті мәртебені алу және қайта қарау тәртібін, оларға қолжетімді әлеуметтік қорғау шараларын және т.б. жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде Думитру Липкану БҰҰ БЖКБ жүргізген қайта құрылымдау туралы хабардар етті, бұл ұйымның бүкіл әлем бойынша, оның ішінде Астана қаласындағы 18 кеңсесінің жабылуына алып келді.
Бірінші вице-министр астаналық кеңсенің сарапшыларына департаментпен бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты, сондай-ақ Алматыдағы кеңсе арқылы БҰҰ БЖКБ-мен одан әрі ынтымақтастық шарттарын талқылады.