Құқық

Соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар азайды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк атап өткендей, заңнаманы күшейтудің нәтижесінде биыл кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар саны 21%-ға төмендеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Министрлік құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірледі. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері жеке блокпен бекітіледі. Осы Заң жобасы шеңберінде кәмелетке толмағандарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыреті қайта қаралады, профилактикалық бақылауға жататын адамдардың санаттары жаңартылады. Заң жобасы Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауында, – деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, жыл сайын есепте тұрған 5 мыңнан астам жасөспірім және бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді атқармайтын 6 мыңнан астам ата-ана профилактикалық шарлармен қамтылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button