Ел тынысы

Аутизмі бар адамдарды қолдауға бағытталған Меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 16 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігі және «Ерекше бақыт» қоғамдық қоры арасында аутизм спектрі бұзылған (АСБ) тұлғаларды қолдауға бағытталған үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – инклюзивті білім беру ортасын дамыту, АСБ тұлғаларға кешенді қолдау көрсету, осы салада білікті мамандар даярлау және AВА-терапиямен қатар заманауи ғылыми әрі түзету әдістемелерін енгізу арқылы аутизм мәселелерін жүйелі және ғылыми негізде шешу.

Іс-шараға Мәжіліс депутаты, Respublica партиялық фракциясының өкілі Екатерина Смолякова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының директоры Әлия Әбдібайтова, Болат Өтемұратов қорының аймақтық директоры Абай Нұрмұханов пен мемлекеттік органдардың, сарапшылық қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да сала өкілдері қатысты.

Инклюзивті білім беру – басты басымдық

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті инклюзивті білім беруді дамытуға айрықша назар аударады. Қазіргі таңда университеттің барлық педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына «Инклюзивті білім беру» пәні міндетті курс ретінде енгізілген.

Сонымен қатар, арнайы және инклюзивті педагогика бағыттары бойынша келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда:

  • 6B01901 – Арнайы педагогика (сурдопедагогика, логопедия, инклюзивті білім беру);
  • 7M01908 – Арнайы педагогика: аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу (IP);
  • 7M01901 – Арнайы педагогика: сурдопедагогика;
  • 7M01902 – Арнайы педагогика: логопедия;
  • 7M01906 – Арнайы педагогика: инклюзивті білім беру

Аталған бағдарламалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіби жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

Аутизмге қатысты ахуал және статистика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 737 450 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның 114 727-сі – балалар. Еңбекке қабілетті 379 048 адамның тек 111 404-і ғана жұмыс істеп отыр. Ал мүгедектігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық өмірге тарту және оларды тең құқықты, дербес өмірге бейімдеу – өзекті мәселелердің бірі болып қалуда.

2024–2025 оқу жылының басындағы деректерге сәйкес, елімізде студенттердің жалпы саны 624,5 мың адамды құраса, олардың ішінде 2 686 мүгедектігі бар студент жоғары оқу орындарында білім алуда. Аутизмі бар студенттер саны – небәрі 5 адам. Ал бүгінде елімізде аутизм диагнозы қойылған 17 000-нан астам бала тұрады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button