Сындарлы сұхбат алаңы

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, сараптамалық қолдауды жүзеге асырады. Негізгі міндеттерінің қатарына этностардың, әлеуметтік-саяси процестердің жай-күйі мен динамикасының тұрақты мониторингін жүргізу, этносаралық саладағы жағдайды зерттеу, болжамдық бағалау, қатерлерді анықтау, этнодемографиялық және этноэкономикалық даму процестерін зерттеу кіреді.
Сонымен бірге этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарды ерте ескертудің кешенді жүйесін қалыптастырудың этносаралық саясатын ғылыми-әдістемелік қолдау, осы саладағы зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүйелеу, үйлестіру мен сабақтастықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы кешенді талдамалық және болжау қызметінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруды да қамтиды.
Институт құрылымы бірнеше орталықты құрайды. Атап айтқанда, әкімшілік-қаржылық қамтамасыз ету орталығы, ксенофобия проблемаларын зерттеу, этносаралық жағдайды мониторингілеу, әдістемелік және білім беру бағдарламалары орталығы, қолданбалы зерттеулер және этномедиация орталығынан тұрады.
Қарапайым адамдардың өзара тілдесіп, қарым-қатынас жасауының да өзіндік сыр-қыры бар. Ал этносаралық диалогтар қоғамның бірлігін сақтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы қақтығыстардың алдын алу және шиеленісті азайтуға қол жеткіземіз. Ұлттың бірлігін нығайту, жалпы төзімділікті арттыру арқылы мәдени тәжірибе алмасуды ынталандыру, мемлекет пен этникалық қауымдастықтар арасындағы сенімділікті арттыруда осындай бірлігі жарасқан жерде салтанат құрады. Керісінше болған жағдайда, яғни тікелей, шынайы қарым-қатынас болмаса, шеттетушілік туындайды, сенімсіздік күшейеді, нәтижесінде әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төнетіні белгілі.
Этникалық тақырыптарда сөйлесу кезінде қаперде жүретін бірнеше жағдайға тоқталып өтуге болады. Мұндайда адамдар төменде аталған қиындықтарға тап болуы мүмкін. Әңгімелесушінің сезімін ренжітуден немесе байқаусызда ренжітуден қорқу. Білімнің жетіспеушілігі мен басқа этностардың тарихы мен мәдениетін нашар түсіну де кедергі келтіреді.
Дәстүрлердегі, мінез-құлық нормаларындағы, діни аспектілердегі айырмашылықтарды түсінбеу, диалог тәжірибесінің болмауы әңгімені неден бастау, оны қалай дұрыс құру керектігін білмеу де адамдар арасындағы әдемі сұхбатқа зиян келтіреді.
Этносаралық тақырыптарда, әсіресе диалог форматында әңгіме бастамас бұрын әлеуметтік-мәдени, тарихи және психологиялық контекстті түсіну өте маңызды. Бұл дайындық сындарлы қарым-қатынастың негізін қалады.
Қатысушы тараптардың мәдени ерекшеліктерін зерттеу маңызды. Әр топтың дәстүрлері, тілі, діні және әдет-ғұрыптары туралы негізгі ақпаратты білу. Бұл ыңғайсыз жағдайларды болдырмайды және құрмет көрсетеді. Мысалы, кейбір мәдениеттерде тікелей көз байланысын агрессивті деп санауға болады, ал басқаларында бұл құрмет белгісі.
Этникалық топтардың өзара әрекеттесуінің тарихи негізін түсіну дегеніміз не? Әрбір этникалық топтың өзіндік тарихи жады, оның ішінде жағымды және травматикалық оқиғалар бар. Бұл естеліктерге құрметпен қарау – сенімнің негізі. Депортация, кемсітушілік, жанжал кезеңдерін ескеру өте маңызды. Сонымен қатар сезімтал тақырыптарды бағалай білу де қажет. Қандай тақырыптар ауыртпалықпен немесе арандатушылықпен қабылдануы мүмкін? Мысалы, тіл, жер, дін, тарих мәселелеріне талқылау кезінде жан-жақты біліммен, байыпты түрде, сұхбаттас адамыңызға әсер ету жолдарын алдын ала анықтап, дайындықпен басталғаны дұрыс.
Жансая АКАНОВА,
ҚР МАМ жанындағы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты этносаралық жағдайды мониторингілеу орталығының бас менеджері