Ел тынысы

85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында дене шынықтыру және спорт саласын цифрландыру барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Спорт саласындағы басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында министрлік «E-sport: дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» атты ақпараттық жүйені енгізіп жатыр.

✔️Жобаның бірінші кезеңінде пилоттық режимде үш негізгі модуль іске қосылды:

• спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілердің электронды паспорты;
• спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электронды күнтізбесі;
• спорт ғимараттарының бірыңғай тізілімі.

Қазіргі уақытта жүйе тестілеуден өтуде. Онда 85 спорт федерациясы мен 50 ұйым жұмыс істейді.

✔️Екінші кезеңде қосымша модульдерді әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарына мыналар кіреді:

• жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу;
• статистикалық деректерді қалыптастыру және есепке алу;
• мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оларды проактивті форматқа көшіру.

Жоба отандық спорттың бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл спорт саласындағы ақпаратты бір арнаға біріктіруге, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және азаматтар үшін спорт қызметтерінің қолжетімдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Туризм және спорт министрлігі саланың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың спорт жүйесімен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы етуге бағытталған цифрлық трансформация бағытын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button