Қоғам

80 жастағы марафоншы замандастарымен кездесті

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Нью – Йорк марафонының жеңімпазы, спортшы Салтанат Түйтебаевпен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жас – тек сан ғана» деген атаумен өткен іс-шараның негізгі мақсаты – марафоншының өмір жолы мен еңбек жолын, спорттағы жетістіктерін, табандылығы мен еңбекқорлығын замандастарына насихаттап, зейнеткерлерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру еді.
Кездесу кеші барысында марафоншы Салтанат Түйтебаевтың өмірі, спорттағы жетістіктері туралы бейне материалдар көрсетілді. Спортшы өзінің балалық шағы мен спортқа деген қызығушылығы туралы әңгілеп берді.

Кеш сұрақ-жауап форматында өтіп, зейнеткерлер марафоншының өміріне қатысты қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог орната білді. Кездесу кешінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз зейнеткерлері концерттік бағдарламасын ұсынып, Күлән Мадиярова, Мұратбек Қонарбаев, Үмітжан Кикимова сынды өнерпаздар мен «Тамға» тобы өнер көрсетті.
Іс-шараны тамашалауға спортшының жанкүйер замандастары,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұжымы жиналды. Сонымен қатар, кеш қонағы – Салтанат ақсақалға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының күнделікті тынысы таныстырылып, презентациялық ролик ұсынылды.
Кездесу кешінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Қарабатыров ардагер-спортшыға жиналғандар атынан алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button