Ел тынысы

5 жылда 1 млн адамға ЖИ-мен жұмыс істеу дағдылары үйретіледі

Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметованың айтуынша, 5 жыл ішінде 500 мың оқушыны, 300 мың студентті, 90 мың мемлекеттік қызметшіні, 80 мың бизнес өкілін және басқа салалардан мыңдаған азаматтарды қамту жоспарлануда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Мақсат – жай тұтынып қана қоймай, технология жасап, оны қолдануға дайын ұрпақ қалыптастыру», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, биыл күзде Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған TUMO орталығы ашылады. Бұл инновациялық білім беру кеңістігі, онда балалар анимация, бағдарламалау, 3D графика, генеративті жасанды интеллект және басқа да бағыттар бойынша тегін білім алады.

Жастар мен студенттер үшін былтыр peer-to-peer Tomorrow School моделі бойынша алғашқы ЖИ мектебі ашылды, онда тәжірибеге, топтық жұмысқа және сыни ойлауды дамытуға баса назар аударылады.

«Бағдарлама тегін және екі жылға созылады. Іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының кез келген азаматы оқуға түсе алады», – деп нақтылады Дания Ахметова.

AI Qyzmet бағдарламасы мемлекеттік қызметшілер мен басқарушыларға арналған. Сондай-ақ, білім беру бастамаларының ішінде QazCoders, Decentrathon мультилокациялық хакатон, «Деректерді талдау негіздері және Python», «ЖИ негіздері: ChatGPT», «AI People» бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button