Ел тынысы

4 қазақстандық мекеме әлемдік гастрономиялық рейтингке кірді

Әлемдегі ең беделді аспаздық рейтингтердің бірі la Liste елімізді Азияның маңызды гастрономиялық бағыты ретінде атап өтті. 2026 жылғы рейтингке 4 қазақстандық мекеме кірді: Астанадағы Qazaq Gourmet және Selfie, сондай-ақ Алматыдағы Огонек және Qazaq Auyl мейрамханалары, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

La Liste жыл сайын әлемнің үздік 1000 мейрамханасын анықтайды. Рейтинг кәсіби шолуларға, сарапшылар пікірлеріне және миллиондаған онлайн-пікірлердің талдауына негізделеді. Оған халықаралық саяхатшылар мен гурмандар үздік гастрономиялық тәжірибені таңдау үшін жүгінеді.

Бұл марапат қазақстандық мейрамхана индустриясының жоғары кәсіби деңгейін, олардың сапа мен заманауи аспаздық шешімдерге деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл Қазақстанның гастротуристер үшін тартымдылығын арттырып, әлемдік аспаздық картада өз орнын нығайтуға жол ашады.

Атап өткен жөн, Qazaq Gourmet және Selfie мейрамханалары — Kazakh Tourism тарапынан жүзеге асырылатын «Сапа белгісі» иегерлері.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button