Елорда прокуратурасы журналистерге арналған тренинг өткізді

Астана қаласының прокуратурасы Atameken Business журналистері мен MNU студенттеріне арналған алғашқы тренингін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қаласының прокуратурасы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Журналистердің жауапкершілігі» тақырыбында алғашқы оқыту тренингін өткізді. Спикер ретінде басқарма бастығы Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, журналистер қызметінің негізгі құқықтық аспектілерін атап өтті.
Іс-шараға Atameken Business медиа холдингінің журналистері, сондай-ақ Мақсат Нәрікбаев атындағы университеттің (MNU) студенттері. жалпы тренингке 100-ден астам адам қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты — БАҚ қызметкерлеріне құқықтық білім беру, болашақ медиа-сала мамандары арасында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғау органдары арасында сындарлы коммуникация құру.
Сонымен қатар журналистер мен блогерлер қатысқан ең маңызды қылмыстық істер талқыланды, бұл аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды және құқық қорғаудың практикалық аспектілерін талқылауға ықпал етті.



