Мәдениет

Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына орай «Дариға-дәурен» атты еске алу кеші өтті

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Дариға-дәурен» атты еске алу кеші өтті.

Несіпбек Айтұлы – ел әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік орны бар, өскелең ұрпақты елдік пен адамгершілікке тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған дара тұлға. Кештің негізгі мақсаты ақынның рухани мұрасын дәріптеу және қазақ әдебиетінің құндылықтарын көпшілікке жеткізу болды.


Ақынның өлеңдері оқылып, оның сөздеріне жазылған әндер әуелеген кеш бағдарламасында поэзия, музыка, күй және театр өнері бірігіп, ақынның философиялық терең ойлары, жүректі тербер лирикалары ұсынылды.

Кеште Қазақстанның жетекші өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанның халық әртістері Секен Тұрысбек, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Ерлан Рысқали, халықаралық және республикалық байқаулар лауреаттары Сәулежан Тақзия, Әйгерім Нартүйе, Өзгеріс Шерікбай, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Бибігүл Қилымхан, т.б. өнерпаздар өнер көрсетті. Елорданың «Жастар» театры мен Музыкалық жас көрермен театрының әртістері ақынның өлеңдерін оқыды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

фото: Сұлтан СЕЙІТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button